Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат: Оқиға орнында болған полицейлер дұрыс әрекет жасағанда Денис Тен тірі болар еді

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Адвокат оқиға орнында болған полицейлерді кінәлады, деп хабарлайды Stan.kz сот залынан.

Нұрлан Өстеміровтің айтуынша, оқиға орнында болған инспекторлар заңды әрекет етпеген.

“Денистің өліміне қатысты қандай жаза тағайындалатынын прокурорлар айтады. Менің айтарым, оқиға орнында болған полицей Разбеков пен Шерниязов заңды әрекет етпеген. Мәселен, орган қызметкерлері туралы 61 және 63 бапты оқып қарасақ, олардың заң жүзінде дұрыс әрекет етпегені байқалады. Осы баптарды әдейі оқып шықтым. Егер дәл осы полицейлердің орнында басқа біреу болғанда, Денис тірі болар еді”, – дейді қорғаушы Нұрлан Өстеміров.

Оның айтуынша, полицейлер заңды қызмет ету тиіс адам болғандықтан барлық нәрсеге ұқыпты болуы тиіс.

Бұған дейін сот отырысында оқиға орнында болған куәгердің Денистің құлағанын, екі күдіктінің қашқанын көргені айтылды. Денис Тенге көмек көрсеткен полицей оқиғаның қалай болғанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Қаңтар, 2019 12:17
Талқылау