Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат: Лотерея ісіне араласқаным үшін Ақбота, Роза мен Жазира қысым жасап, соңында өзім кінәлі болып шықтым

Қазақстандық адвокат, заңгер Тілеужан Кішкенебаев лотереяда алданғандарды қорғаймын деп басы дауға қалды. Заңгер өзіне Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа мен Жазира Байырбекова қысым жасағанын айтты. Сотта өзі кінәлі болып, адвокаттық қызметтен шектелгенін алға тартты. 

Амалы таусылған адвокат мырза президентке үндеу жолдады. Ал әріптестері желіде үн қосып, Тілеужан Кішкенебаевты қолдауды сұрап жатыр. 

"Құрметті, Қазақ елі. Мен Кішкенебаев Тлеужан Жұмабекұлы “Алматы қалалық Адвокаттар алқасының адвокатымын. Менің сұхбат беру себебім. 2019 жылы өнер жұлдыздары және де ұйымдастырушылары біріге отырып лотерея ойындарын ұйымдастырған. Лотерея ойындарына және инвестицияға халықты шақырып, сол халыққа лотерея билеттерін сатып, инвестицияға ақшаларын құю арқылы қарапайым халықтың 200 миллион теңгесін қолды қылған.

Маған жүгінген адамдардың айтуы бойынша әншілерге лотерея билеттерін сатып алу арқылы, өздерінің ақшаларын инвестицияға құйған. Мен осы бойынша тексеріс жүргіздім, сол тексерістің кезінде осы әншілердің жарнамасымен және олардың ұйымдастырушылардың халықтың ақшасын заңсыз алғанын анықтадым. Осыдан кейін әншілерге және ұйымдастырушыларға қатысты Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне шағым түсіріп, бұларға қатысты іс қозғауды және де жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығындарды өндіру туралы талап қойдым.

Шағымнан кейін Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғалды, яғни Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабымен, яғни алаяқтық бабымен іс қозғалды. Бірақ та осы іс қозғау кезінде әншілерге қатысты және ұйымдастырушыларға қатысты шағымда көрсетілген ұйымдастырушының тек қана біреуіне ғана іс қозғаған. Қалған әншілерге және де ұйымдастырушыларға қатысты ешқандай тергеу амалдары жүрген жоқ", - деді адвокат.

Заңгер істің қалай жүргенін тәптіштеп айтып, видео үндеуде баяндады. 

"Осы бойынша мен тергеушілердің ешқандай тергеу амалдарын жүргізбей жатқанын айтып, Алматы қаласының Прокуратурасына шағымдандым, бірақ Алматы қаласының прокуратурасы тарапынан ешқандай іс-шара қолданған жоқ. Осыдан кейін Алматы қаласының мамандандырылған тергеу сотына, тергеушілердің және прокурордың іс-әрекетіне шағымдандым, бірақ ол жақтан да ешқандай нәтиже шықпады. Осыдан кейін әншілер, яғни Жазира, Жанболатқа, Роза Әлқожаға, Ақбота Керімбековаға, Ернар Айдарға және де ұйымдастырушалар Азат, Мәди, Саламат деген азаматтарға және де аты белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалмай жатқанын, тергеу амалдары жүрмей жатқанын бұқаралық ақпарат құралдарына айтып осы жөнінде мәселе көтергем", - деді Кішкенебаев. 

Айтуынша, өзінің ықпалымен БАҚ әншілер мен лотерея ұйымдастырушылары жайлы хабарлады. Ал заңгердің өзі қудалауға түсіп, өзіне қылмыстық іс қозғалған. Сот Тілеужан Кішкенебаевты үш жылға адвокаттық қызметтен шеттетіп, ірі көлемде айыппұл салды. 

"Менің айтуым бойынша барлық бұқаралық ақпарат құралдары елге, халыққа осы бағдарламаны шығарды. Шығарғаннан кейін осы әншілердің тарапынан және де Қала прокурор орынбасары тарапынан және де Алатау ауданының судьясы Тлеубаевтың тарапынан, судья Ақуовтың тарапынан қысымдық көрсетіп, қазіргі уақытта менің өзімді қудалап, менің үстіме қылмыстық іс қозғап, ешқандай да менің кінәм жоқтығына қарамастан, айып тағып қазіргі уақытта Алматы қаласы Алмалы аудандық соты менің адвокаттық кызметіммен айналысу құқығымнан 3 жылға айырып, 500 мың теңге айыппұл салып, мені заңсыз соттады", - деді ол. 

"2017 жылы бір іске адвокат ретінде қатыстым. Ол жерде учаскелік полицейдің қылмысы анықталады. Сол ісі үшін үш жылға сотталады. Іс жабылады. Бірақ ол іс қазір қайта қаралып, мен қуғынға ұшырадым. Бұл – жоғарыдан берілген тапсырма. Өштесу! Үстімізден арыздандың деп қала прокурлары да ерегісті",– дейді адвокат.

Тілеужан Кішкенебаев өзі араласқан 2017 жылғы іс қайта қозғалып, сол істе кінәлі деп танылған. Өзінің айтуынша, бұған әншілердің ықпалы болған екен. Амалы таусылған заңгер мемлекет басшысы мен Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановтан көмек сұрады.

"Құрметті Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға және Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асановтың назарына аударғым келіп отыр. Ашынған халықтың жәбірленушілердің мүдделерін қорғаймын деп, судьялардың, прокурорлардың және әншілердің тараптарынан қандай да бір қысымға ұшырайтын болсақ, біз қарапайым халықты қалай қорғаймыз. Біз адвокаттар тәуелсіз болуымыз керек. Егер біз қарапайым халықты қорғауда осындай қысымға тап болатын болсақ, қарапайым халықты ешқандай адвокат қорғамайтын болады. Сондықтан құрметті прокурор, құрметті сот, Құрметті президент мырза, осы жайттарды басты назарларыңызға алуды сұраймын", - деп жазды Тілеужан Кішкенебаев. 

Айта кетейік, әншінің атағына сеніп, абыройына үміт артқан қарабайыр қазақ алданып қалды. Бұл жолы 10 мың теңгелік лотореяға емес, 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін баратын инвестицияға алданды. Осылайша Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған жұрт миллиондарынан айырылғанын айтқан еді. Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтысына алданғандар қайта шу шығарды.

Талқылау