Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділқазылардың шешімімен келіспеді: Арыста әскери сайыс соңы төбелеспен аяқталды

Арыс мәдениет үйінде мектеп оқушыларына арналған әскери дайындық сайысы жаппай төбелеспен аяқталды. Қазылар алқасының шешіміне наразы болған жеткіншектер бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті демалыс орталығында болған. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі төбелеспен аяқталды. Дәл сахна алдында қазылар алқасының шешіміне наразы мектеп оқушылары жанжал шығарды.

Мұғалімдер оларды арашалауға тырысты. Бұл оқиға елеусіз қалуы мүмкін еді, бірақ әлдекім төбелестің видеосын интернетте жариялап жіберді.

Түркістан облысының ДП шараны ұйымдастырушылар карантиндік шараларды бұзғаны үшін хаттама жасайтынын хабарлады. Жанжалға қатысушылар да жауапкершіліктен жалтармайды.

Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында бұзақылық фактісі бойынша төбелеске қатысушылар анықталды. Олардың барлығы - жасөспірімдер, оқу орындарының шәкірттері. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау