Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділхан Макин "Славян базары" байқауында литвалық қызға ғашық болып қалған

Әділхан Макин "Славян базары" байқауында литвалық қызға ғашық болып қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Әділхан Макин

24 жастағы жас әншінің әзірге сүйіктісі жоқ. Әділхан жақын арада отбасын құруды да ойламаған. Алайда, өнер иесі "Славян базары" байқауында бір қызға ғашық болып қалған көрінеді. Ол Паулина есімді литвалық арудың суретін  желідегі парақшасына жүктеп жазба қалдырған.

"Өмір деген қызық деймін. Қасымда отырған Паулина есімді Литваның азаматшасы. Керемет орындаушы", - деп жазды ол.

Бастапқыда ол аруға сырттай тамсанып, көз ала алмай қараған. Артынша жақын араласып, суретке түсіп, бір-бірін қонаққа шақырған көрінеді. Осылайша Әділхан Макин литвалық скрипкашы қыз өзін шабыттандырып, ғашық болып қалғанын айтқан. 

"Байқауда Литвадан келген Паулина есімді қыз болды. Оны алғаш көргенімде көз ала алмадым. Ағылшын тілін дұрыс білмегендіктен, сөйлескен кезде қиналдым. Бірақ, бірге суретке түстік, телефон нөмірін алдым. Қоштасарда, тіпті, жылап жібере жаздадық. Бір-бірімізді қонаққа шақырдық. Ол өте жақсы музыкант, скрипкашы. Мүмкін, байқауда мені шабыттандырған да сол шығар", - дейді өнер иесі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Шілде, 2019 10:42
Талқылау