Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет вице-министрі болған Алма Мұқанова қызметінен босатылды

Әділет вице-министрі болған 36 жастағы Алма Мұқанова қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото gov.kz

Мұқанованы қызметтен босатылғаны туралы үкімет қаулысы Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі платформасында жарияланған.

"Мұқанова Алма Қайратқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын", – делінген үкімет қаулысында.



Айта кетейік, бұл лауазымға Алма Мұқанова 2022 жылдың сәуір айында тағайындалған еді.

36 жастағы Алма Мұқанова Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша, магистратурасын "Құқықтану" мамандығы бойынша және University of Warwick (Ұлыбритания) магистратурасын Public Policy мамандығы бойынша бітірген. 

Талқылау