Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет министрлігі: Ашық ауада маска тақпау заң бұзушылыққа жатпайды

Қазақстан Республикасының әділет министрлігі карантин кезеңінде көшедегі бетперде режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әділет министрлігінде атап өтілгендей, барлық шектеу шаралары, ең алдымен, коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған және қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартудың әрбір жеке ісі жауаптылықтың туындауына негіз болған нақты жағдайларға негізделуі керек. Жоғарыда аталған бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу жатады», - делінген министрлік хабарламасында.

Карантин режимі кезеңінде жабық үй-жайларға, сондай-ақ қоғамдық көліктерге бару кезінде қорғаныс маскаларын міндетті түрде киюге қойылатын талаптарды көздейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № DSM-78/2020 бұйрығымен бекітілген анитарлық ереже бар. Санитарлық ережелер көшеде жүрген азаматтарға қатысты бөлек талаптарды да қарастырады.

«Мысалы, егер екі немесе үш адамнан тұратын адамдар тобы қорғаныс маскаларын кимей ашық ауада жүрсе, онда мұндай әрекеттер Санитарлық ережелердің талаптарын бұзған болып саналмайды. Сәйкесінше бұл үшін әкімшілік жауапкершілік болмайды. Ал үш адамнан асатын адамдар тобының қозғалысы (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) Санитарлық ережелердің талаптарын бұзады», - деп түсіндірді әділет министрлігі.

Айта кету керек, заң бұзушылықтарды анықтау және азаматтарды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жауапкершілікке тарту жұмыстары ресми негізде жазалауды көздемейді және профилактикалық сипатқа ие, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі.

«Осылайша, ӘҚБтК-нің 64-1-бабында құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда әкімшілік жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылған. Орган қызметкері немесе лауазымды тұлға ауызша түсініктеме берумен шектеліп, адамды әкімшілік жауапкершіліктен босатуы мүмкін. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, қол сұғу объектісі және зиян болған жағдайда оның мөлшері ескеріледі. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын шектейтін заңсыз әрекеттерге жоғары органға немесе сотқа шағымдануға болатындығын ескертеміз », - делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр