Әділет министрі: Той ұйымдастырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Әділет министрі Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында карантин кезінде той ұйымдастырғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл жағдай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен қаралады. Бірінші рет, құқық бұзушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай іс-шарада адамдар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай жоғары болады. Тіпті, оқиғаның салдары болса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін", - деді министр.
Сонымен қатар, Марат Бекетаев бұл шаралар жеке меншік үйдің аумағында той жасағандар үшін де қолданылатынын ескертті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”