Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көшеде талай концерт қойдым": Төреғали Төреәлі өнерден алыстаған себебін әзілмен жеткізді

Өнері мен өмірі жиі ел талқысына түсетін Төреғали Төреәлі Атырау жұртына концерт қойып, халықпен әзілдесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Фан-клуб парақшасынан алынды

Өнер иесі не үшін сахнадан көрінбей, гастрольге шықпай кеткенін түсіндірді. 

“Концерт өткізіп, ән сапар жасамағалы екі жыл өтіпті. Бірақ көшеде талай концерт қойдым ғой. Уақытты босқа өткізбедім. Ондай болып тұрады. Ханның қызы да қате жібереді. Әдейі емес. Құдайдың маңдайға жазғанымен келе жатырмыз. Бәрі адамның ниетіне байланысты екен. Біздің ниетіміз белгілі. Сіздердің көңілдеріңізді көтеру, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға өзіміздің өнерімізді үйрету, паш ету, осылай сіздердің көзайымдарыңыз болып жүру. Кейде ойлаймын, құдай бізді сіздердің іштеріңіз пыспау үшін жаратқан сияқты”, – деп әзілдеді әнші.     



Сонымен қатар өнер иесі темір торға отырып шыққанын да жасырмады. Басынан қандай қиындық өтсе де, бір қауым ел болып концертінен қалмайтын көрерменге алғысын жеткізді.  

“Көргеніме қатты қуаныштымын, атыраулық ағайын. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, шын ниетпен келгендеріңізге рақмет. Жақсылап жайғасып отырып алыңыздар. Отырыстың түр-түрі болады ғой. "Осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе?" деп бабаларымыз бекер айтпаған. Ана отырысқа қарағанда осы отырыс дұрыс екен", – деп елді күлдірді эстрада жұлдызы. 

Талқылау