Әдетте тек қазақша сұхбат беретін Қайрат Нұртас Нагиевпен орысша сөйлесті (видео)
Әдетте барлық сұраққа қазақша жауап беретін Қайрат Нұртас Ресейдің “Муз-ТВ” жобасына қатысып, жүргізушінің сұрағына орысша жауап берді.
Жобаның жүргізушісі Дмитрий Нагиев Қайраттың Нюшамен ән айтқанын, екеуінің “Алматының түндері” әнін керемет дуэт болып айтқанын атап өтті. Осыдан соң әншіден ресейлік жұлдыздармен дуэт айту жоспары жайлы сұрақ қойған. Қайрат ол сұраққа: “Нюша екеуміздің дуэтіміз жақсы болды. Оны өте құрметтеймін. Шақыруларыңызға рахмет” деп жауап берді. Нагиев алғашқы сұрағын қайта қойғанда: “Лепспен, мүмкін Меладземен дуэт болармын”, – деп күлді Қайрат Нұртас.
Желі қолданушыларының кейбірі Қайратты сұраққа дұрыс жауап бермеді деп сынады. Енді бірі әншіні қолдап, оның орыс тілін білуі міндетті емес деп ақтады.
Тағы да оқыңыз:
Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)
Басшылық қызметтен кеткен Ләйлә Сұлтанқызы шетелге кететін болды
Баян Есентаева өзінен шаршағандарға бір жыл “демалыс” беретінін мәлімдеді (видео)