Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

Аяғымыздағы бақайлардың бізге енді керегі жоқ екен… Неге деп ойлайсыз? Бұл сұрақтың жауабын дәл қазір біліңіз.

Бұған сену қиын, алайда, адамның кейбір дене мүшелері қажетсіздіктен жоқ болып кетуі мүмкін. Эволюция теориясының атасы Чарлиз Дарвин «Адамның шығу тегі және жыныстық талдау» кітабының бірінші бөлімінде бұл жайында айтып өткен болатын. Бұл 500 жылдан кейін болуы әбден мүмкін.

Аяқтың бақайлары

Оқымыстылар бұрын тепе-теңдіктің орталығы табанның орталық сызығында болғанын анықтаған. Яғни жерге құлап кетпеуімізге осы дене бөлігі жауап береді. Бірақ, уақыт өте келе тепе-теңдік орталығы басбармақ жаққа ығысқан және қазір аяқтың бақайлары бастапқы қызметінен айырылғандықтан артық болып табылады.

Дарвиндік құлақ 

Көптеген адамның құлағының жоғарғы жағында дарвин төмпешігі деп аталатын кішкентай қыртыс бар. Бұл – сүтқоректілердің алыстағы шуды жақсы қабылдауына арналған үшкірленген құлақтардың қалың бөлігі. Қазір оның қажеттілігі шамалы. Оны алып тастаса да болады

Ерлердің омырауы

Ұрықтың ерте сатысында бәрі жыныссыз және омыраумен жаратылады. Бұл құбылыс адамдарда ғана емес, басқа сүтқоректілерде де кездеседі. Тек ер адамдардың ағзасында пролактиннің аз болуына байланысты ғана оларда сүт болмайды. Демек, ерлерге омырау қажет емес.

Мұрын қуысы

Олар жиі қолайсыздық туғызады. Өйткені тез  қабынып, толып қалады. Сол себепті, оны мүлдем алып тастауға да болады.

Ақыл тіс

Біздің ата-бабаларымыз асықпай шайнайтын, қатты тағамдарды көп қолданған. Ақыл тіс бұл үшін қажет болған. Қазіргі кезде мұндай қатты тағамдар жеудің қажеті де жоқ. Сол себепті, алдағы уақытта адамдардың ақыл тісі өспеуі мүмкін.

Қолдың ұзын бұлшық еті

Қазірдің өзінде ол тек 11 пайыз адамда ғана бар. Біздің ата-бабаларымыз бізден гөрі қарқынды жұмыс істеп, көп қиыншылық көрді. Олардың өмір сүруі үшін мықты қол қажет болған. Ал біз үшін ол маңызды емес. Тек ауыр атлетикамен айналысатын спортшыларға қажет болуы мүмкін.

Денедегі өскіндер

Денедегі өскіндердің ішінде ең кұндысы қас қана. Себебі, олар көзді терден сақтайды. Ал денедегі басқа түктердің бізге қажеті жоқ. Өйткені ауа райы өзгерді және ата-бабаларымызға қарағанда киімдеріміз де жақсы.

Қаз тері

Жануарлар жауларын үркітуге терісін пайдаланатын болғандықтан, оларға ол қажет. Ал біз үшін тауық етін еске түсіретін бұлшық еттердің қажеті жоқ.

Құймышақ

Құймышақ – бұл омыртқаның сүтқоректілердің құйрығына қызмет ететін ең соңғы бөлігі. Бүгінде құймышақ рудиментті мүше болып қалды.

Мойын қабырғасы

Олар қазірдің өзінде 1 пайыз ғана кездеседі және тек бір жағынан ғана дамыған. Бүгінде бұл сүйекшелердің пайдасынан гөрі зияны басым. Өйткені, мойын қабырғасының иесі артерия проблемаларына жолығады.

Тіпті адамдардың 300 жылдан кейін қандай болатынын шамалаудың өзі қиын. Кейбілеулер болашақтың адамы арамызда бар деп те болжайды. Мысалы, Марк Цукерберг ең өндіруші интернет қолданушылары аяғының жүріс барысында біртүрлі бүгіліп тұратындығына қарап, оларды рептилойдқа жатқызады.


Жіберіп алмаңыз:

56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

33 жастағы әйел салмағы ең үлкен егіздерді дүниеге әкелді

Мәңгілік бірге: Бақытты ғұмыр кешкен сиам егіздері (фото)

Бразилиялық сылқымдар сиыр етінен жасалған бикини киді (фото)

Талқылау