"Адамзаттың масқарасы": Астанада депутат Еділ Жаңбыршинге қарсы арыз бойынша сот кейінге қалдырылды

Астанада қазақстандық азаматтың мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршинге қарсы берген арызы бойынша сот отырысы кейінге қалдырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс 18 ақпан күні сағат 15:00-де қаралуға тиіс еді. Алайда отырыс басталардан бірнеше сағат бұрын соттың сол күні өтпейтіні хабарланды. Соттың мәліметінше, сот сараптамасының қорытындысы дайын болмағандықтан, іс белгісіз мерзімге шегерілген.
Талапқа депутаттың Facebook-тегі пікірі себеп болған. Education Community ұйымының хабарлауынша, белсенді Виталий Шевченко депутаттың жазбасына пікір қалдырып, жасөспірім кезінде жыныстық ориентациясына байланысты буллингке ұшырағанын айтқан.

Фото: Желіден скрин
Жауап ретінде Еділ Жанбыршин оны "адамзаттың масқарасы" деп атап, "ЛГБТ-ны насихаттамауды" талап еткен.
Іс Астананың ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотында судья Айгүл Аяпбергенованың төрағалығымен қаралып жатыр.
Еділ Жанбыршин – "ЛГБТ насихатына" тыйым салу туралы түзетулердің белсенді бастамашыларының бірі.
2025 жылғы 24 қарашада Instagram желісіндегі тікелей эфирде ол "ЛГБТ насихаты" елдің демографиялық жағдайына кері әсер етіп, қоғамның рухани негізіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар заң ЛГБТ өкілдерінің Қазақстанда тұруына тыйым салмайтынын мәлімдеген.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады