Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Адамзатқа соқырлық эпидемиясы қаупі төніп тұр

Мадридтегі Комплутенсе университетінің ғалымдары жуық арада адамзат баласы соқырлық эпидемиясын бастан кешуі мүмкін екенін айтты.

1485356338_eyes

Бұл туралы Vista News хабарлайды.

Олардың ақпараты бойынша, кеселдің таралу себебі адамдардың шектен тыс көп уақыт компьютер алдында отыруымен байланысты болып отыр.

Зерттеушілердің айтуынша, аурудың бұл түрі үлкенге де, жасқа да жабысуы мүмкін. Экран сәулесі көз ұяшығындағы сезімтал қабатты, көз алмасын жарақаттайды екен. Адамдар экранға қарап отырған кезде көздерін сирек қағатындықтан зиянды вирустардың кіріп алуы арта түседі.

Үш ай бойына тышқандарға зерттеу жасалған. Сынақ үшін олардың көзіне планшеттен шығатын жарықдиодты ақ түсті сәуле бағытталған.

Ал кеміргіштердің бір бөлігіне көзді қорғайтын арнайы фильтрлер қолданылған. Белгілі болғандай қорғаныс фильтрі болмаған кеміргіштерде ұяшықтардың бұзылу деңгейі 23 пайызды көрсеткен.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда босану мерзімі жақын қалған әйел өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтты

Жемжемілдің көптеген емдік қасиеттерін білесіз бе?

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау