Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Үндістанның оңтүстігінде аса қауіпті саналатын Нипах вирусының салдарынан 9 адам қайтыс болды. Аталған вирус ми қабынуына, тыныс жолдарының ауруларына алып келеді. Өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты жаһандық індет туғызатын инфекциялар қатарына қосты.

Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді

Бұл туралы Science Alert басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Нипах вирусы 1999 жылы Малайзияда ауру тараған кезде анықталған.

Ауруды жарқанат тұқымдастар тасымалдайды. Бұл инфекция Австралия, Бангладеш, Үндістан, қытай, Таиланд және Африкада кезедеседі. Аталған инфекция жарқанат тұқымдастардан басқа да жануарларға жұғуы мүмкін. Сонымен қатар сілекей арқылы адамнан адамға жұғады екен.

Қазіргі уақытта аталған ифнекцияға қарсы дәрі-дәрмек пен екпе жоқ. Бұл вирусты жұқтырған 40 пайыздан 75 пайызға дейін адамдар қайтыс болған.

Қазіргі уақытта аталған дерт Үндістанның Керала штатындағы Кожикод қаласында тараған. Талдау нәтижелері қайтыс болған 9 адамның үшеуі Нипах вирусын жұқтырғанын растады. Сонымен қатар ауруханаға түскен тағы 25 адам аталған вирусты жұқтырған болуы ықтимал.

Аталған вирусқа шалдыққан адамда ауру белгілері болмауы мүмкін. Алайда көп жағдайда  ми қабынуына асқынады екен. Сондай-ақ науқастар бұлшықеттерінің әлсіздігіне, тамақ ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Мұнан кейін орталық нерв жүйесінің зақымдалуының белгілері байқалып, адам комаға түсуі мүмкін. Кей жағдайда өкпе де зақымдалып, адамда тыныс жеткіліксіздігі байқалуы ықтимал.

Сонымен қатар адам инфекцияны бір рет жұқтырып, сауыққанымен, бірнеше ай немесе жыл өткеннен кейін Нипах вирусын қайта жұқтыруы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ер адам баласын суға сүйреп бара жатқан төрт метрлік қолтырауынды жеңіп, ұлын құтқарды

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Талқылау