Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қартайып жатырмын деген әңгіме жоқ": Шахизада өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті

Белгілі әнші Шахизада өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматыдағы үлкен мейрамханалардың бірінде туған күнін етжақындарының арасында атап өткен Шахизада жыл сайын жасына жас қосылғанын мерекеге айналдырады. Биыл да дүркіретіп той жасап, қуанышын жасырмаған ол бақытты екенін айтты.

"Адамның көңілі жас. Қартайып жатырмын деген әңгіме жоқ. Мен бақыттымын", - дейді Шахизада.

Ал Шахизаданың ұлы Олжас анасын жарық дүниенің есігін ашқан күнімен құттықтап, қалаған сыйлығын алып бере алатынын айтты.

"Әдеттегідей түнгі он екіде құттықтадық. Анамызды "жақсы көремін" деген сөзбен қуантамыз. Анамызда бәрі бар. Өзіне керегін алып беремін. Құдай қаласа 5 жылда жаңа көлік сыйлаймын", - дейді Шахизаданың ұлы.

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Мамыр, 2019 14:21
Талқылау