Тұмсығы адам еріндеріне қатты ұқсайтын балық суретке түсіп қалды
Малайзия жағалауларынан ауланған тұмсығы адам еріндеріне қатты ұқсайтын балықтың суреті Twitter-де кең танымалдыққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеп хабарлайды.
Интернетте жарияланған кадрларда адамға ұқсайтын ерні мен тістері бар балық бейнеленген. Балықтың суреті жарияланған пост бірнеше сағаттың ішінде мыңдаған пікірлер мен лайк жинады.
Белгілі болғандай, сурет авторы спинорогтар отбасына жататын балық түрін түсірген екен. Бұл балықтар Атлант, Үнді және Тынық мұхиттардың тропикалық және субтропикалық теңіздерінде жүзеді. Мінез агрессивті, жиі аквалангистерге шабуыл жасайды және сүңгуір костюмін тістей алады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”