"Адамның дипломының шын-өтірігін анықтау қиын да емес. Алаяқтардан абай болыңыз" - білім және ғылым вице-министрі

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари жалған диплом сататын алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Семейде үнділік студенттерге қате дипломдар берген

"Біз интернетте диплом сататын ресурстарға әрдайым мониторинг жүргізіп отырамыз. Оларды тапқан кезде бірден дабыл қағып, арнайы органдарға жібереміз. Осылайша домен өшіріледі. Жарнама жарқыраған әдемі дипломдарды, бағаларды, қандай да бір аккредитацияларды көрсетеді. Достар, абай болыңыздар", - деп жазды вице-министр өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жазбада сайттың атауы - Diplomas Universities of Kazakhstan немесе kmiparasat.kz деп көрсетілген.

Биғаридың айтуынша, жоғары оқу орындары беретін дипломның бәрі тіркеледі.

"Бүкіл диплом біздің базада сақталады. Адамның дипломының шын-өтірігін анықтау қиын да емес. Алаяқтардан абай болыңыз", - деп жазады Рүстем Биғари.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр