"Адамға көшуі ғажап емес": Нұр-Сұлтанда ер азамат иттің денесін бөлшектеп жеп қойған

Нұр-Сұлтанда көршісінің итін ер азамат бөлшектеп, артынша жеп қойған. Иттің иесінің айтуынша, ол күшіктің басы мен аяғын сол маңайдағы қоймадан тауып алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

ит жегіш

Рыжик есімді итті оның иесі Кристина соңғы рет 28 ақпан күні көрдім деп отыр. Сөзінше, төрт аяқты жануар тапа тал түсте жоғалып кетіпті. Бірнәрсе сездім деген бойжеткен айналадағы көршілерінің үйін тінтіп іздей бастапты. Ақыры оны сол маңайдағы бір үйден күшіктің қалдықтарын тауып алған.

"Қарай беріңіздер деп айтты. Көршіміздің қоймасында төгілген қан мен қапты байқадық. Сол қаптың ішін ашып қарап едім, итімнің басы мен аяқтарын тауып алдым. Айқайлап, ашулана бастадым. Не деген сұмдық? Жақында ғана асырап алғанбыз. Өзі сондай сүйкімді болатын", - дейді иттің иесі.

Кристина ертесі күні әлгі көршінің келіп тұрғанын айтады. Ол бар болған жайтты тұтастай мойындапты. 

"Мен туберкулезбен ауырамын, сол үшін иттің етін жеймін. Негізі көршілердің итіне тиіспеймін. Сіздікін танымай қалған болармын. Қаласаңыз басқа ит берейін сізге" деп қояды.  Оның үйінде тағы екі ит байлаулы тұрды, олардың бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Егер ол иттің жейтін болса, кейіннен адамға да көшуі ғажап емес", - деп қосты Кристина. 

Айтуынша, бойжеткен әлгі ер азаматтың нағыз қанпезер екендігін бұрыннан білген көрінеді. Өйткені оның ауласынан ұлыған иттердің даусы жиі шығатын дейді ол. 

Итті сойып жеген азамат бұл жайтқа өкінбейтін сыңайлы.

"Біреудің иті деп ойламадым. Маған біреулер сатты, мен алдым да сойып жеп қойдым. Бұл ісіме өкінбеймін. Мен өзімнің денсаулығым үшін көбірек уайымдаймын. Дәрілер қымбат, ал оны алуға менің ақшам жетпейді", - дейді иттің етін жеуді әдетке айналдырған Владимир. 

Иттің иелері полицияға шағымдарын түсіріпті. Қазіргі таңда аталған оқиға қарауда екен, бірақ әлі қылмыстық іс қозғалмапты. 

Негізі Қазақстанда жануарларға деген озбырлық өршігіп тұр. Осыдан бірнеше апта бұрын иесінің көзінше көршісі оның итін атып тастаған. Өз әрекетін ер азамат өзімнің овчаркам үшін қорықтым деп түсіндірген. Алғашында қылмыстық іс қозғалып, артынша полицейлер тергеуді тоқтатыпты. Шетелдерде ұқсас жағдайлар бойынша азаматтар барынша қатал түрде жазаланса, біздің елде жануарларға қатыгездік көрсетілгені үшін небәрі бір жылға шартты жазаға кесіледі. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұдан ауыр қиындықтарды да бастан өткергенбіз- Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 685 адам болды

Жаңадан ауру жұқтырған 15 адам тіркелді

Коронавирус жұқтырған ресейлік студент Қазақстанға өтіп кеткен

Бойжеткеннің коронавирус жұқтырғаны 4 сәуір күні белгілі болыпты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері көшеде маска кию керектігі жайлы айтты

Айзат Молдағасимова көшеде бетперде кию керектігі жайлы айтты

Алматы облысында марқұмдардың мазасын алған ұры қолға түсті

Зират ұрысы көрші ауылдың тұрғыны болып шыққан
Çàãðóçêà...