"Адамдыққа жатпайды": Алсудың отбасы "Голос.Дети" шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді
Ресейлік әнші Алсудың отбасы оның қызы Микелла Абрамованың «Голос. Дети» шоуындағы жеңісінен кейінгі дауға қатысты пікір білдірді. Ол «музыка қыздың қанында бар» екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алсудың ағасының әйелі Залина Сафина Instagram желісінде «Голос. Дети» шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді.
«Ол үнемі бүкіл жерде ән айтып жүреді. Даусы тамаша. Адамдар, 10 жасар қыз жеңіске жеткеннен кейін, оны анасы танымал әнші болғаны үшін ғана сөгіп, жанын жаралау адамдыққа жатпайды», - деп жазды Залина Сафина.
Сонымен қатар Сафина Микелланың еңбекқор, креативті және үйірімпаз екенін атап өтті. Оған өз дарынын көрсету мүмкіндігі берілді, дейді ол.
Сондай-ақ, әншінің туысы көпшілікті тынышталуға шақырды.
«Біз баланы жеңісі үшін сынның астына алмай, ұрпағымызға үлгі болуымыз керек», - деп жазды ол.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн