Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамды өзіңе тез ғашық қылудың үш әдісі белгілі болды

Қарым-қатынас жөніндегі сарапшы Джейкоб Лукас TikTok әлеуметтік желісінде адамды өзіңе тез ғашық қылудың үш әдісін айтып, видео жариялады. Ол ұнатқан адамыңның саған деген сезімін ояту үшін оны көп мақтау керектігін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Егер сіз адамға қошемет сөздер айтудың шебері болсаңыз, ол сізді өзіңіз қалаған жерге апарады”, – деп жазған ол желіде жариялаған роликтің астына.

Ең алдымен, блогер мақтау сөздерді айтқан кезде өздеріне ұнайтын адамға жақындасуға кеңес берді.

"Мәселен, егер серігіңіздің саусақтарынан әдемі сақиналар көрсеңіз оларды көрсетуін сұраңыз. Содан кейін қолыңызды созыңыз, адамдардың көпшілігі бейсаналық түрде қолын сіздің қолыңыздың үстіне қояды. Бұл араларыңыздағы тактильді кедергіні бұзады", — деп түсіндірді сарапшы.

Лукас сонымен қатар комплимент жасамас бұрын сөзіңізді жаңыңыздағы адамның атымен бастауға кеңес берді.

"Бұл жай ғана сөздер айтудан қарағанда тартымдырақ көрінеді", - деді ол.

Серігіңізге ұнаудың үшінші тәсілі – көзіңізді оның көзімен түйістіру. Блогердің айтуынша, комплимент жасаған кезде әңгімелесушінің көзіне қарап айту керек.

 

Талқылау