Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша қажет? Зерттеу нәтижесі

Ғалымдар бақытты болу үшін қажет қаражаттың белгілі бір шекті деңгейінің бар-жоғын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тағы Пенсильвания Университетінің Penn's Wharton School аға ғылыми қызметкері Мэттью Киллингсворт арнайы мобильді қосымша әзірледі, онда барлығы әлеуметтік сауалнамадан өтіп, келесі сұрақтарға жауап береді: "Сіз қазір өзіңізді қалай сезінесіз?", "Сіз қаншалықты қанағаттанасыз?".

Зерттеуге 18-65 жас аралығындағы 33 мыңнан астам адам қатысты. Олар бір күннің ішінде өзінің әл-ауқатын және өмірінің деңгейін бағалады. Бағалау шкала бойынша өтті: "өте нашар" және "өте жақсы".

Киллингсворт әр адамның орташа әл-ауқатын оның кірістермен байланысын талдау арқылы есептеген. Ол отбасының жылдық табысы 75000 долларға (шамамен 31 миллион теңге) жеткенде ақша маңызды болмай қалады деген бұрынғы зерттеудің нәтижелерін дәлелдеуге тырысты.

Алайда, сауалнама нәтижелері ертедегі тұжырымдарды жоққа шығарды. Зерттеуде ақша маңыздылығын жоятын белгілі бір шек жоқ екені анықталды.

"Біз 25 мың және 50 мың доллар табатын екі адам сәйкесінше 100 мың және 200 мың доллар табатын екі адам сияқты әл-ауқат деңгейінде бірдей айырмашылыққа ие болады деп мәлімдейміз. Басқаша айтқанда, кірістердегі пропорционалды айырмашылықтар барлығына бірдей", - деп түсіндірді ғалым.

Сонымен қатар Киллингсворт бақыт сезімі табыс деңгейіне тікелей байланысты екенін анықтады - олар неғұрлым жоғары болса, әл-ауқат сезімі соғұрлым күшті болады. Бұл адамның ақшасы неғұрлым көп болған сайын оның өмірді бағалау сезімі соғұрлым жоғарылайтынын білдіреді. 

Нәтижелерге қарамастан, зерттеуші табысты ақшалай түрде санамауға кеңес берді.

Талқылау