Адамдарды маймыл мен сиырға теңеген қазақстандық "ұстаз-блогер" жауапқа тартылды

Өзін "ұстаз" деп таныстыратыгн Нұржан Смағұловты Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды қорлайтын материалдар таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұржан Смағұлов Instagram әлеуметтік желісінде азаматтарды қорлау белгілері бар пікірлер айтылған видеоматериалдарды жариялаған, атап айтқанда оларды "сиырлармен" салыстырған.
“Аталған факті бойынша Дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, әкімшілік хаттама жасады. Сот шешімімен Н.Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Нұржан Смағұловқа 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.
Басқарма заңнаманы сақтаудың маңызды екенін, сондай-ақ басқа азаматтардың сенімдері мен дүниетанымына құрметпен қарау қажет екенін еске салды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Оқыңыз