AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдардың өмірін бақылауға арналған": Қытайда енді өзге азаматтардың үстінен шағым түсіргені үшін сыйақы беріледі

Қытай халқы енді сенімсіз отандастары мен шетелдіктер туралы билікке шағымданғаны үшін 10-100 мың юань аралығында қаржы ала алады. Ал мәлімдемені онлайн, сенім телефоны, электронды пошта немесе өзге де ыңғайлы жолмен жіберуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

қытай

Шағым түсіргені үшін ақша төленетін жүйе осы аптадан іске қосылады. Қытай билігі бұған дейін де тыңшылар туралы шағым түсіргендерге сыйақы беріп келген. Енді мұнда сыйақы межесі белгіленіп, жүйе бірыңғай стандартқа келтірілген. 

Қытай мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі өкілінің сөзінше, жаңа ереже тұрғындарды өз күдіктері жайлы органдарға хабарлауға жігерлендіреді. Сонымен қатар бұл мәселе Қытайда ушығып тұр, себебі елде шетелдік барлау қызметтері белсенді бола түскен. 

"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрғындар құлшынысын арттыруда, халықтың күші мен рухани құндылықтарын біріктіруде ережені жасап шығару аса қажет", – делінген министрлік өкілінің хабарламасында. 

Сыйақы сомасы ақпараттың сапасына байланысты. Сонымен қатар ол тек сертификатпен марапатталауы мүмкін. 
Британиялық Guardian басылымының мәліметінше, шағым үшін ақы төлеу Қытай қоғамын Джордж Оруэлдың "1984" шығармасындағы антиутопияға жақындататын тағы бір қадам болмақ. Мұнда мемлекет адамдардың өмірін толық бақылап отырады. 

Бұдан бөлек Қытайда "әлеуметтік несие" бағдарламасы да бар. Оның көмегімен билік азаматтар мен ұйымдардың сенімділігін бағалайды. Сарапшылар мұны адамдардың құқығы мен бостандығына келтірілген залал деп бағалады. 

Мәселен, рұқсат берілмеген жерде темекі шегу сынды жағымсыз қылықтары үшін азамат қоғамдық көлікпен жүре алмайды. Ал 2017 жылы 6,15 миллион қытай азаматы ұшақ және пойызға билет сатып ала алмаған.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр