"Түрмеге жаппаңыз": Алматыда көлікпен жүргіншілерді қағып өткен ағайындыларды 15 жылға бас бостандығынан айырмақшы
Алматыда көлікке мініп алып, азаматтарды қағып кеткен айыпталушыларды 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Прокурор ағайынды Жандос және Дінмұхаммед Әлекеевтерді осындай жазаға кесуді ұсынды.
«Түзеу мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын және Әлекеевтерден жәбірленушілер қорына 20 АЕК көлеміндегі айыппұл салынуын сұраймын», - деді прокурор.
26 тамыз күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде туындаған жанжалдың соңы төбелеске ұласқан, кейіннен төбелестің қатысушылары мен кездейсоқ өткіншілерді ағайындылар бірінен соң бірін көлікпен аяусыз қаға бастаған. 3 адам жедел түрде әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіретін бұзақылық, жол қозғалысы ережелерін бұзу және апат болған жерден қашып кету баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейінірек істі кісі өлтіру әрекеті деп қайта өзгертті.
Оқиғадан кейінгі екінші күні 25 жастағы Жандос Әлекеев ұсталды, ал екінші күдікті, 21 жастағы Дінмұхаммед Әлекеев үш аптадан кейін ғана Алматы облысында полициядан жасырынып жатқан жерінен табылды.
Сотталушылардың қорғаушысы тергеу үстірт жүргізілді деп санайды. Ол бұл бапты бұзақылықтан жол ережесін бұзуға өзгертіп, бас бостандығынан айыратын жаза қолданбауын өтініпті.
Ағайындардың кенжесі Дінмұхаммед Әлекеев жүргізуші куәлігін сатып алғанын және соқтығысу кезінде тежегіш педалін газбен шатастырып алғанын айтты.
Екеуі де соттан оларды бостандығынан айырмауды сұрапты. Бұған дейін екі жәбірленуші сотталушыларға ешқандай талаптары жоқ деп мәлімдеген.
«Менің адамдарға зиян келтіретін ниетім болған жоқ. Бұл кездейсоқ болды. Сізден мені қоғамнан оқшауламауыңызды және бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын», - деді Дінмұхаммед Әлекеев.
«Біз біреумен төбелескіміз келмеді, тіпті өзіміз де мұндай болады деп ойламадық. Мен әділдікке сенемін. Сізден інімді бас бостандығынан айырмауыңызды сұраймын. Мен науқастардан өзім үшін, бауырым үшін кешірім сұрағым келді», - деді Жандос Әлекеев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
