Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдарды танымай, қалай сөйлеу керектігін білмедім". Навальный қалыпқа қалай кеп жатқанын айтты

Алексей Навальный Instagram-да уланудан кейінгі қалпына келтіру процесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің қалпына келуімнің қалай жүріп жатқанын айтып берейін. Менің қолымдағы телефон тас сияқты пайдасыз затқа айналды, өзіме су құйып алу сияқты қарапайым қабілет әурешілікке салды.

Жақында ғана мен адамдарды танымай, қалай сөйлесу керектігін түсінбей жүрдім. Күн сайын таңертең дәрігер маған келіп: "Алексей, мен тақта алып келдім, оған қандай сөз жазуға болатынын ойланайық" дейтін. Бұл мені үмітсіздікке салды, өйткені мен дәрігердің не қалайтынын жалпы түсінгенмен, сөздерді қайдан алуға болатынын түсінбедім. Олар адам басында қайда пайда болады? Сөзді қайдан табуға болады және ойыңды қалай білдіруге болады? Мұның бәрі мен үшін түсініксіз болды. Сондықтан үнсіз жүрдім", - деп жазды Навальный.


Навальныйдың "улануы" Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? 


Енді мен баспалдақпен көтерілгенде аяғы дірілдейтін жігітпін, дейді оппозиционер.

"Әлі шешілмеген көп мәселе бар. Алайда Charite University Hospital Berlin-дің таңғажайып дәрігерлері негізгі мәселені шешті. Олар мені «техникалық тұрғыда тірі адамды» қайтадан тіршіліктің ең жоғары формасы - болуға адамға айналдырды, енді Инстаграммды қарап, еш ойланбастан лайкты қайда қою керектігін түсінетін адам болдым", - дейді ресейлік оппозиционер.

Еске салайық, Алексей Навальный қазір Германиядағы клиникада ем шараларын қабылдауда. Ол Томск-Мәскеу ұшағында өзін жайсыз сезініп, Омбы ауруханасына жеткізілді. Блогер комаға түскен соң, оны Германияға ауыстырған. Оның өте күшті умен уланғаны белгілі болды.

Бұл жағдай үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Осылайша, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг оппозиционердің улануына қатысты халықаралық тергеу жүргізуді талап етті. 

Талқылау