Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар тұншығып, айқайлап, құлап жатты": Куәгерлер Сеулдегі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

29 қазан күні Сеулдің Итхэвон ауданында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 150-ден астам адам қаза тапты. Куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Би Би Си” арнасына сілтеме жасап.

Жиналғандардың нақты санын ешкім білмейді, бірақ кейбір мәліметтер бойынша,  Хэллоуинді тойлауға келген жастардың саны 100 мыңнан асып жығылған. Хэллоуин ұзақ уақыттан бері Итхэвонның дәстүрлі фестивальдерінің біріне айналған.

Мерекені тойлауға жиналғандардың арасында 32 жастағы Үндістандық IT-маманы Нахил Ахмед те болған. Ол бұған дейін осы жерде Хэллоуинді бес рет атап өткен екен.

Оның айтуынша, биылғы жылы мереке мүлдем басқаша болған.

“Бұл бір ақылға сыймайтын жағдай еді. Тіпті кешкі сағат бесте көшелер лық толып тұрды. Мен сол кезде кешкі жеті-сегізде не болады екен деп ойладым?” – дейді ол.

Ахмед және оның достары Итхэвонға қайғылы оқиға орын алғанға дейін келіп, аталмыш көшеде бірнеше сағат уақыт өткізген. 

"Біз бұл көшеге жиі келіп тұрамыз. Неге екенін білмеймін, бірақ жақсы барлар мен мейрамханалар осында, Хэллоуин тойлауға келгендер мен Хэллоуин киімдері де толы", - деді ол.

Түнгі сағат 11 шамасында көшеде шу шыға бастаған. Қатты уайымдаған Ахмед бір топ адамның арасында қалған.

“Адамдардың көптігі соншалық, бейне бір толқын сияқты болды, ештеңе істей алмайсың. Сіз бір орында тұрсаңыз да, бәрібір сізді жан жағыныңыздан итеріп жіберді”, – дейді Ахмед.

Ахмед жерге құлап, алдынан шыққан баспалдақпен бірнеше сатыға көтеріліп, көпшіліктің арасынан шыққан.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 22.20 шамасында жағдай ушығыпты.

"Адамдар тұншығып, айқайлап жатты. Қысылып жатқандар, құлап жатқандар болды, адамдар тым көп еді", - деді Ахмед.

"Мен баспалдақта отырдым, мен жай ғана болып жатқанның бәрін тамашалаудан басқа амалым болмады, адамдардың соңғы демін шығарып жатқандарының еріксіз куәгері болдым, мен ештеңе істей алмадым", – деп еске алады Ахмед.

Испаниядан келген 24 жастағы Анна да осы ауданда досы Мелиссамен бірге болған. Олар барда отырып, кешкі сағат 11-де үйлеріне қайту үшін сыртқа шығады. Бірақ дәл осы уақытта көшеге жедел жәрдем көліктері кіре бастады, ал полиция қаза тапқандардың мәйіттерін қойып, жаралыларға көмектесу үшін орын босатуды талап етіп жатқан.

"Адамдардың көптігі сонша, дәрігерлер үлгере алмай жатты және әлі де құтқаруға болатын кез келген адамға жүрек-өкпе реанимациясын жасау үшін көмек қажет болды. Сондықтан мұнда бәрі қандай да бір жолмен көмектесе бастады", – деді Анна.

Оның айтуынша, оның екі досы жүрек-өкпе реанимациясын қалай жасау керектігін білген, бірақ қанша тырысқандарымен бірнеше адам достарының қолында жан тапсырған.

Аннаның өзі бұрын-соңды мұндай көмекпен айналыспағанымен, нұсқауларды тыңдап, ол да кем дегенде бір адамды құтқаруға тырысқан.

"Маған басын қалай ұстау керектігін, зардап шеккен адамның аузын қалай ашу керектігін және т.б. айтты. Мен тырыстым, бірақ олардың көпшілігі өлі болды, дем алмай жатты, біз ештеңе істей алмадық. Бұл өте қорқынышты болды", – деді ол.

 

Талқылау