Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар төбелерде отыр": Қазақстандық Вьетнамдағы жеті адам қаза тауып, бір адам жоғалған су тасқыны туралы айтты (видео)

Вьетнам су тасқыны

Фото: Желі кадрларынан

Вьетнамның туристік қаласы Нячангты су басты. Қазақстандық туррист желіде адамдардың кейбірі төбелерде отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әділдің айтуынша, Нячангта жолдар бүлініп, шамамен он жер көшкіні болған. Ал күшті жел ағаштарды тамырымен бірге құлатып жатыр.

“Су 1 сағатта 10–15 см көтеріледі. Кейбір үйлердің бірінші қабаттары су астында. Ал кей жерлерде адамдар төбелерде отыр. Бұл өте қиын жағдай, кейбіреулер үшін түн өте ауыр болады. Сонымен қатар, көп адамдар слипбас автобустарда қалып қойған”, – деді ол. 

Әлеуметтік желілерде адамдар апаттың салдарын көрсетіп жатыр. Кадрларда су басқан көшелер, көліктер және бірінші қабаттары толықтай суға кеткен үйлер көрінеді. Қалалық жол су астында қалып, құтқарушылар моторлы қайықтар мен каноэ арқылы адамдарға жетіп құтқарып жатыр.

Баспасөзде хабарлағандай, күшті жаңбырлар аймаққа екі күн бойы жауған. Синоптиктердің мәліметінше, осы уақыт ішінде 300–400 мм жаңбыр түскен. Ал кей жерлерде 500 мм-ге жеткен.



Соңғы мәлімет бойынша, су тасқынынан кем дегенде жеті адам қаза тапқан, бір адам жоғалған. Ал 19 тұрғын жарақат алды. Төтенше жағдай қызметтері мыңнан астам үйден адамдарды эвакуациялады. 7 мың гектардан астам күріш алқабы су астында қалды. Су деңгейі аймақтың әр жерінде 50 см-ден 1,5 метрге дейін жеткен.

Синоптиктер жаңбыр 20 қарашаға дейін жалғасады. Бірақ оның қарқыны азаяды. Дегенмен жаңа су басу қаупі сақталып отыр. Құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер апаттың салдарын жоюды жалғастырып, ең осал жерлерді күшейтіп жатыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 13:02
Талқылау