Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандағы жағдай: Атамбаевты екінші рет ұстау әрекеттері басталды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атамбаев

Сурет: АКИpress

Беш-Кунгей ауылында миллиционерлер отырған 15 автобус пен 8 микроавтобус бар. Сондай-ақ, осы жерде ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Орозалиев жүр. Үйдің алдында адамдар Атамбаевтың сыртқа шыққанын күтіп тұр. Мұның алдында жиналғандар Форумға жаққа баруы тиіс деген ақпарат тараған болатын. 

Атамбаевтың жақтастары кепілдікке алған арнайы қызметтің 6 сарбазы үйден шығарылды. Оларды көлікпен алып кетті. 

Сондай-ақ, Атамбаевтың үйінің жанында болған 500-ге жуық адам Беш-Күнгейге қарай бет алды. Адамдардың қолында қару жоқ, тек тас пен таяқтар ғана. 

Фарид Ниязов Қой-Ташыда кепілдікке алынған арнайы қызмет сарбаздарының босатылғанын мәлімдеді. Айтуынша, олардың артынан ГКНБ мен ІІМ адамдары келмегендіктен, өздері босатып, кейін Бішкекке алып барған. Ақпаратты Жогорку Кенеш депутаты Мурадым Мадеминов растады. 
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жарақат алғандар толықтай медициналық дәрі-дәрмекпен қамтылды. Сондай-ақ, 11 адамның ауруханада ем алып жатқаны белгілі болды. 

Бішкектегі сауда орталықтары ерте жабылатыны айтылды. Құқық қорғау органдары Қой-Ташыдан қалаға кіретін аумақты жауып алды деген ақпарат бар.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстанда арнайы жасақ жасауылы экс президент Алмазбек Атамбекті ұстамақ болды. Ұстау операциясы кезінде олар резеңке оқ пен өзге де арнайы құралдарды қолданғанын айтты. Нәтижесінде 48 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алып, бір адам көз жұмды. Енді екінші ұстау әрекеттері жүріп жатқаны белгілі болды. Милиция дыбыс шығаратын гранаталар лақтыруда. Сондай-ақ, президент ұятты жағдай болып жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған болатын. 

Талқылау