Нұртас Адамбай балалық шағы туралы айтып, сол кездерге деген жұрттың сағынышын оятты
Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай өзінің Instagram парақшасына балалық шақта түскен суретін салып, оқырмандарымен көңілге қонар ойымен бөліскен-ді.
Фото: instagram.com/nurtasadambay/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол жазғы демалыстардың бірінде өзінің әпкесімен бірге түскен ескі суретін жариялаған.
“Балалық шағымда өзімнің апаммен, аға-әпкелеріммен бірге өткізген тәтті күндерді ешуақытта ұмытпаймын. Өзенде шомылып, асыр салып ойнаған, үнді фильмдер көріп, күнделікті кешке жақын айран ішкен, талай қорқынышты оқиға айтылған түндер мен дәмі тіл үйіретін жүгері мен қарбыз ешуақытта ұмытылмақ емес. Ол уақытта ешқандай айфон мен айпад жоқ”, – дейді Адамбай.
Суретті көрген желі қолданушылары “Біздің балаларымызға бұйырмаған тамаша балалық шақ”, “Ол кезде өмір қызық пен мейірімге толы болатын” деп пікір білдірді.
“Адамдар неге сонша қатыгез болып кеткен екен… Біздің жарқын балалық шағымыз қайда кетті… Нанға кезекке тұрып, артынша бөлкенің шетін “мүжіп” үйге келетініміз есімде. Немесе нанға сарымсақты үйкеп жейтін күндерді айтсаңшы”, – дейді Адамбайдың жанкүйерлерінің бірі.
Биыл Нұртас Адамбай 35 жасқа толады. Ол 1981 жылы 14 желтоқсанда Тараз қаласында дүниеге келген.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы әкімдігінің Нұртас Адамбайды алдағаны туралы хабарлаған болатынбыз.