Алматы әкімдігі Нұртас Адамбайды алдады
Алматы қаласы әкімшілігінің Нұртас Адамбай әзіліне берген жауабы алғашқысынан асып түсіп, жұртты күлкіге қарқ қылды.

Алматы қаласы әкімшілігінің бұл әрекеті желі қолданушыларын қатты таңқалдырды.
“Келін Сәбина” фильмінің режиссері Нұртас Адамбай өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Алматы қаласы әкімшілігінің өзіне қызмет ұсынғаны туралы жазған болатын. Артынша мұның күлкі күніне орай айтылған әзілі екенін айтса да, әкімшілікке жұмысқа алып жатса, аянбай еңбектенетінін тілге тиек еткен-ді.

Адамбайдың жазбасын көрген әкімшілік оған келіп, қызметтік куәлігін алып кетуі керектігін айтып қалжыңдаған.

Естеріңізге сала кетсек, Нұртас Адамбайдың Алматы әкімінің кеңесшісі “болып тағайындалғаны” туралы хабарлағанбыз.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"