Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам жұмсағанды салмаған дұрыс": Ерке Есмахан үйін жинатамын деп көпшіліктен сөз естіді

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан үйін жинатамын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі клининг компаниясының директоры  Нұрхан Нұрмаханбетті командасымен шақырып, үйін тазалатқан еді.

Алайда әншінің оқырмандары әлеуметтік желіге салу әбестік екенін ескерткен. “Қазақпыз ғой, осындай адам жұмсағанды салмаған дұрыс. Ол саған малай емес. Оның да ағайыны көреді”, – деп жазды желі қолданушысы. 


  • "Келініме дейін мүгедектігі бар тұлға": Айына 20 миллион теңге табатын жас кәсіпкер отбасын айтып, жылап қалды

  • "Айына 20 миллион тауып, 200 адамға жұмыс беріп отырмын": 21 жастағы клининг компаниясының директоры табысты болудың құпиясын бөлісті


Одан кейін эстрада жұлдызы жарнама үшін түсіргенін айтып ақталды. 

“Бұл жұмыс, таза еңбек, жарнама үшін түсірдік дегенді қалай түсіндірсек екен. Мен түсірсін деп жинап жүр, негізі. Адам намыстанбай, білмегенін сұраса нұр үстіне нұр еді. Қазақтың әйелдері қарапайым дүниелерді білмей жатады. Менің үй тазалатқанымды талқылау – тіпті ұят. Мен дүниежүзін аралап, жоқты да, барды да көргенмін. Бірақ асып-тасымаймын. Осы жетеді деп айта алмаймын. Әлі де ізденісте жүрмін. Сіздер де қазіргі заманның ағымынан қалмаңыздар”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Ерке Есмахан өзін "мақтаншақ" дейтіндерге жауап берген еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 15:29
Талқылау