Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам саудасы: Қазақстандықтардың жиі құлдыққа түсу себебі айтылды

ІІМ қазақстандықтардың еңбек және жыныстық құлдыққа түсуінің негізгі себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: ашық дереккөзден 

Құлдыққа халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы жиі түсіп қалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов айтты.
 Отандастарымыз адам саудасы және құлдыққа көбіне шетелге жұмысқа барғанда тап болады.

"Адамдардың құлдыққа түсуіне толыққанды ақпараттың болмауы, құқық сауатсыздығы, арзан жұмыс күшінің қолжетімділігі, шетелдіктердің заңсыз мәртебесі, интернеттің ықпалы, тез әрі жылдам ақша табуға ұмтылу сынды факторлар жиі себеп болады", – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, құлдыққа көбіне әйелдер және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер түседі. Олар адам саудасымен байланысты қылмыстардың құрбаны болып жатады. 

Осы орайда алданып қалмау үшін заңды біліп, сақтап, оның ресмилігін анықтау  маңызды екенін айтады басқарма басшысы.

Талқылау