Адам психикасын бұзатын 8 мамандық
Кейбір мамандықтар 5 жылдан соң адамның психикасына кері әсер етеді. Олар қандай мамандықтар?
Заңгер
Әр іске мұқият қарайтын жандар заңгерлікті таңдап жатады. Алайда біраз уақыттан соң бұл мамандық сау адамның өзін шаршатады. Өйткені, заңгер жеке адамдардың әрекетінен қиянат іздеп отырады.
Есепші
Есепшілер барлығын нақты әрі анық істеп үйреніп қалады. Сондықтан сәл нәрседен қате шықса, олар үйрейленіп қарайды. Олар қағазбастылыққа әдбен бой үйретіп, адамдармен араласуы азаяды.
Дәрігер
Дәрігер адам өмірін жауапқа алатын болғандықтан олардың психикасына жұмысы тікелей әсер етеді. Психологтар дәрігерлерге жақындарымен араласуға, күйзелісін сыртқа шығаруға кеңес береді.
Әскерилер
Әскерилер – өте қатаң тәртіптегі адамдар. Олар тіпті жақындарына да қатал талап қояды. Мамандар әскерилердің өз мамандығына еті үйренгені соншалық, отбасында да қатал диктаторға айналатынын айтады.
Журналист
Ел алдында емес, көлеңкеде жүруді қалайтын бұл маман иелері өте қызыққұмар келеді. Журналистердің жұмысы әрдайым жақсылықпен аяқтала бермейді. Кейбір келеңсіздіктер салдарынан журналист өз қалауынша өмір сүрмеуі мүмкін.
Мұғалім
Мұғалімдер әдетте тәкаппар келеді. Олар кәсіби маман болғандықтан өзін сенімді ұстайды. Мұғалімдер көп жағдайда өзін өзгелердің орнына қойып көре алмайды. Сонымен қатар шыдамдылық танытудан шаршайды.
Психолог
Психологар бұл мамандыққа келмес бұрын әуелі науқастардың емес өз өмірін бір жолға қойып алуы тиіс. Өзгенің қандай жан екенін әрекетінен-ақ танитын психологтар кей жағдайда адамдарды өз мақсатына да пайдалануы ғажап емес.
Сауда менеджері
Сауда менеджерінің жұмысы адамды алдап, арбап, қалай болғанда да тауарды өткізу. Кейбір менеджерлер кәсіби маман болып көрінгісі келгендіктен мылжыңдап, өтірік көп сөйлейді. Ол да адамның өзіне зиянын тигізеді.
Тағы да оқыңыз:
Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар тізімі
Қазақстандық жүргізушілер жол сақшысына сақтандыру полисін көрсетпеуіне болады