Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өміріне қауіп төнеді: COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруға болмайтын аурулар аталды

Ресейлік дәрігер-иммунолог Владислав Жемчугов коронавирусқа қарсы вакцинаны салу болмайтын, оның нәтижесінде денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін ауруларды атады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Иммуносупрессивті дәрі-дәрмектерді қабылдаумен байланысты аурулар коронавирусқа қарсы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып табылады, деп хабарлайды "Вечерняя Москва" басылымы.

Владислав Жемчуговтың айтуынша, мұндай аурулар көп, сондықтан вакцинациядан бұрын дәрігермен кеңесу керек.

"Ең қарапайым мысал — онкология, өйткені егер емделіп жатқан, онда ол иммунодепрессиямен бірге жүреді. Бір жағынан, көрсетілім бар (вакцинация үшін), ал екінші жағынан, керісінше, қарсы көрсетілім. Сондықтан вакцинацияға байланысты барлық осындай мәселелерді пациенттің емдеуші дәрігері шешуі керек", - деп түсіндірді Жемчугов.

Оның айтуынша, қабыну, аутоиммунды аурулары, қызыл жегі және жүйелі қан аурулары бар адамдарда да COVID-19-ға қарсы вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар.

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 10:50
Талқылау