Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өлтіріп 10 жыл іздеуде жүрген Ресей азаматы елордада бас аспаз болып жұмыс істеген

Кісі өлтергені үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, 33 жасар көрші елдің азаматы 2011 жылы Санкт-Петербург қаласында біреуге ауыр жарақат салып, салдарынан сол адам көз жұмған.

Қылмыстық қудалаудан қашып жүрген ер адам 10 жыл бойы іздеуде болды. Ол соңғы жылдары Қазақстанда тұрып келген, жалған құжатқа қол жеткізіп, бөтен есіммен өмір сүрген. Отбасын құрып, елорда мейрамханаларының бірінде шеф аспаз болып қызмет еткен.

Ұстау кезінде ер адам өзінің аты-жөнін жасыруға тырысты. Алайда полиция оның саусақ іздерін салыстырып, күдікті екенін растады. Ол РФ Қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлімі бойынша адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын жасады айыпталып отыр. Оны іздестіруді Санкт-Петербург қаласының ішкі істер басқармасы жариялаған.

Қазіргі кезде ер адам елорда полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

STAN.KZ
Бейсенбі, 01 Сәуір, 2021 15:06
Талқылау