"Адам өлтіргендер де тойлатып жүр": "Қойшы бала" соңынан ерген сөздерден қиналып жүргенін жасырмады
“Қойшы бала” лақап атымен танылған әнші Айдос Кәден қиналып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/koishy__bala/
Айта кетейік, өнер иесі жарыққа шығуына ықпал еткен әнші Жігер Ауыпбаевпен ат құйрығын кесісіп, араласпай кеткен еді.
“Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар", — деп жазды жас әнші.
-
"Өнерден кетемін": Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады
-
"Қайтып барсам, қабылдамайтын шығар": Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кеткеніне өкінетінін жасырмады
Алайда желі қолданушылары жас өнерпаздың қадамын дұрыс іс-әрекет емес екенін еске салды.
“Бәрі жақсы болады, Жігер ағаңа қайтып бар”, "Су ішкен құдығына түкірген адам болып, тарихта қаласың інім", "Жігердің сенімін ақтамадың. Ол сен сияқты хайп қуалап кеткен жоқ, шын ниетімен көмек берді", "Сатқындық деген дүниенің ұмытылуы қиын ғой" деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Артық әңгіме айтып, қадіріңді кетірме" деп Жігер Ауыпбаев "Қойшы балаға" ескерту жасаған еді.
@koishy_bala_official_ Ит үреді, Керуен көшеді. Бұл сөздерде аяқталар. ————————————— ##рек##рекомендации##сатқындық💔😓##өмірғой##өмір##сынақ##сынаққадесберме##өмірсынақ ♬ Табиғатым - Izbasar Kenesov

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
