Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өліміне кінәлі болған: Ресейлік дәрігер Қазақстаннан шығарылды

Пациенттің өліміне кінәлі деп танылған ресейлік дәрігер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше РФ азаматы Р. Алферов елден шығарылды. 23 қыркүйекте РФ азаматы Роман Алферов ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне "Қордай авто" бақылау-өткізу пунктінде тапсырылды.

"Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ-ның арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

kozachkow телеграм арнасының мәліметінше, пластикалық хирургтің қолынан екі пациент мерт болған.

 

Талқылау