AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам мұны байқамайды да": Желіде қазақстандықтарға жиі тыңшылық жасалатыны анықталды

Желіде қазақстандықтардың өміріне құпия тыңшылық жасалған. Еліміз жиі бақыланатын тұтынушылар арасында үшінші орынға тұрақтады. Ал алғашқы орындар Ресей мен Украинаға тиесілі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

тыңшы

ІТ-тыңшылар қазақстандықтардың жеке суреттері мен видеолары, браузер тарихына, желідегі чаттар мен орналасқан орыны туралы да ақпараттарға қол жеткізе алады. Бұған түрлі сталкерлік бағдарламалар көмектеседі екен. Әйтсе де желі қолданушысы өзін бақылап отырғаны туралы мүлде хабарсыз болады. 

"Көп жағдайда құрылғыға арнайы бағдарламаны орнату арқылы жүзеге асырады. Мысалы, досы, сүйіктісі, әріптесі болсын, 5-10 минутта құрылғысына сталкерлік бағдарламаны орнатып, қажетті деректерге қол жеткізеді", – дейді "Касперский зертханасының" киберқауіпсіздік бойынша сарапшысы Виктор Чебышев. 

Көп жағдайда бақылауды маркетологтар жүргізеді екен. Олар желі тұтынушыларының браузерде іздеген ақпаратарын білу арқылы өз өнімдерін таратады. Сарапшылар мұның заңды екенін де алға тартты. Көп жағдайда желі қолданушылары жүктеп алынған бағдарлама арқылы өздері ашық бақылауға рұқсат беріп жатады. Алайда мұның да өз қатерлері бар. 

"Мысалғы, "Калькулятор" бағдарламасы бар делік. Қажетті бағдарлама, бірақ ол сіздің хабарламаларыңыз, қоңыраулар туралы мәлімет алуды сұрайды. Ал екінші бағдарлама қажетті деректерден көбірек мәліметтер сұрауы мүмкін. Яғни мұнда бір шикілік бар", – деп қосты киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин. 

ІТ-тыңшылықтың құрбаны болмау үшін сарапшылар жүктелген бағдарламаның қандай мәліметтерге рұқсат алғанын тексеру керек дейді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тек сенімді құпия сөз қолданған жөн. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр