Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам баласы мен құрма ағашының таң қалдырарлық 7 ұқсастығы

Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру- сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтаған. Пайдасы зор құрманың адам баласымен нендей ұқсастығы барын да біле отырыңыз.

4

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Араб тілінде құрма ағашына «Нахла» делінеді. Алла Тағала атамыз Адамды жаратқанда, ең әуелі топырақты елекке салып елеген. Еленген топырақтан Адамды жаратып, електің үстінде қалған топырақтан осы құрманы жаратқандығы айтылады. Електің үстінде қалған қоқымға «нахла» делінеді. Сондай-ақ, құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн.

3

Байқағанымыздай, қазір де арабтар құрма ағашына «нахла» дейді. Демек адам мен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар. Соларды атап өтсек:

1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.

2. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.

3. Құрма ағаштары да адам секілді аталық-аналық болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді аталығының жапырағы тік және қысқа болса, аналық құрманың жапырағы ұзын және төмен қарай жайылып өседі.

4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Аталығының ұрығын алып, аналығына салып, қолдан ұрықтандырылады екен.

5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол аналық құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.

6. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады.

7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.

Талқылау