ӘЧ-2026: Оңтүстік Америкадан үш команда финалға өтті
Фото: FIFA
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған командалардың қатары тағы үш құрамамен толықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қыркүйекке қараған түні Колумбия, Парагвай және Эквадор ұлттық командалары турнирге қатысу құқығын жеңіп алды.
Осыған дейін финалдық кезеңге Австралия, Иран, Жапония, Иордания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Аргентина, Бразилия, Жаңа Зеландия және Уругвай іріктелген еді. Жарысты қабылдайтын мемлекеттер — Канада, АҚШ және Мексика өз орындарын алдын ала иеленген.
Айта кетейік, алдағы мундиаль тарихта алғаш рет 48 құрама қатысатын әлем чемпионаты болмақ. Турнир Канада, АҚШ және Мексикада ұйымдастырылады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

