Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ӘЧ-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы басты үмітін Жамилә Бақбергеноваға артады

Фото: olympic.kz

Әйелдер күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы Загербте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazsport арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Команданың бас бапкері Қайрат Сағадиев алғашқы күннің қорытындысын жариялап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Алғашқы жарыс күнінде үш қазақстандық балуан кілемге шыққанымен, олардың барлығы бірінші айналымнан аса алмады.

"Бүгін үш спортшымыз күресті, бірақ өкінішке қарай, олар алғашқы кезеңнен өте алмады. Ертең тағы төрт қызымыз сынға түседі. Олардың қатарында 53 келідегі Зейнеп Баянова, 62 келідегі Тыныс Дүбек, 68 келідегі Бейбіт Сейдуалы және 72 келіде күресетін команда капитаны Жамилә Бақбергенова бар. Біз ең үлкен сенімді Жамиләға артамыз, ол өзінің тәжірибесі мен деңгейінің арқасында нәтижеге қол жеткізе алады", — деді Сағадиев.

Сонымен бірге ол әлем чемпионатында оңай қарсылас болмайтынын ескертіп, әр белдесуге барынша дайын болу қажет екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін 1/8 финалда үш балуанымыз жарыстан шығып қалған болатын. Светлана Анкичева КХДР спортшысы Мёнчхон Воннан айқын ұтылды (0:10), Эльмира Сыздыкова италиялық Энрике Ринальдимен өткен тартысты айқаста жеңіліп қалды (3:4), ал Лаура Алмагамбетова фин балуаны Йена Кристина Хемайеге жол берді (0:4).

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 16 Қыркүйек, 2025 18:33
Талқылау