ӘЧ-2019: Әділбек Мусин Қазақстанның жаңа рекордын орнатты

Кванжу қаласында «Жүзу» бойынша жарыс  жалғасуда. 23 шілдеде ерлер 200 метрлік жүзу алаңында алдын-ала қыздыру жаттығуын жасады.

Қазақстандық спортшы Әділбек Мусин 01.58.58 нәтижесін көрсетіп, мәре сызығына екінші келді. Бұл нәтиже оған жарыстың финалына шығуға мүмкіндік бермеді, Мусин квалификацияда 25-орын алды. Осыған қарамастан, бұл нәтиже - Қазақстанның жаңа рекорды.

Бұған дейінгі рекордты Мусин АҚШ-тағы жарыстарда орнатқан болатын. Бұл Әділбек Мусиннің осы әлем чемпионатындағы екінші рекорды. Бұған дейін Мусин өзінің жеке ең жоғарғы жетістігін жақсартты және 50 метрлік  жарыстардағы Қазақстанның рекордын жаңартты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр