Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Гранд-Слам турнирінде қола медаль жеңіп алды

ДзюдоФото:ҰОК

Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан жылдың қорытынды Гранд-Слам турнирінде сынға түскен Абиба Әбужақынова қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз алғашқы айналымда 16 жастағы бельгиялық Мэлис Дапені тізе бүктірді.

Алайда ширек финалда 21 жастағы қытайлық Син Худан айласын асыра алмады.

Тартысты белдесуде ол қытай қызының қылқындыру әдісіне түсіп қалған еді. Ал жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Наранцэцэгті жеңіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін тартыста испандық Ева Перес Солерді жеңді. Осылайша ол Гранд-Слам турниріндегі өзінің оныншы жүлдесіне қол жеткізді.

Бұдан өзге ел намысын қорғаған 60 келіде Мағжан Шамшадин бірінші айналымда Константин Симеонидиске есе жіберді. Ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен Нұрқанат Серікбаев екінші айналымнан әрі аса алмады.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова дзюдодан Қазақстан тарихында әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Бұған қоса 2 дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әлемдік рейтингте өз салмағының көшбасшысы.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 28 Қараша, 2025 23:49