Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)
Жұрт жұлдыздардың жылтыраған жүзі мен жүріс-тұрысына, өмірі мен мал-мүлкіне, үйі мен көлігіне қызығып әуре. Ал жұлдыздардың өздері сол қымбат көлікке қалай жеткен. Әлде жалға алып болсын жұрт көзіне бай көрініуге тырысады ма. Бүгінгі материалымызда Stan.kz сайтының тілшісі танымал азаматтардан қандай көлік тізгіндейтінін сұрап көрді.
Нұрлан Абдуллин мінген көліктерін ел сұрап алатын көрінеді. Өйткені, атағы мен құрметі жұғысты болсын дейді екен. Алған соң «қорасында» жаңа темір тұлпар пайда болады. Жомарт достарына алғыс айтқан ел ағасы, ешқашан көлік немесе үй сатып алып көрмедім дейді. Қазіргі мініп жүргені де ағылшындардың көлігі.
« Мен өзім Джиптерді дұрыс деп санаймын. Сондықтан, ағылшын тұлпарларын жақсы көремін. Қазір “RANGE ROVER” деген ағылшынның көлігі. Екі жыл болды менің 50 жылдығыма мінгізген жігіттер. Мен негізі сатып алмаймын. Жолдастарым сыйлайды. Үйді де көлікті де.Тәуба!»
Әнші Нұрлан Абдуллин биыл баласын үйлентіруді жоспарлап отырғанын да жасырмады.
Ал, Роман Майғазиевтің әзірге көлігі жоқ. Күзге қарай алуды жоспарлап қойыпты.
«Қазір көлігім жоқ. Бұған дейін, «LX 470», «Ауди» одан кейін «Хонда» болды»,-дейді Сәкеннің інісі.
Жұлдызды жұп Ғани мен Ботада көлікті тек соңғы жылдары алған. Қазір «Тойота камри» маркалы автокөлікті тізгіндеуде.
«Көп ауыстырмадық себебі Ғанидің көзіне байланысты көп отырмай жүрді көлікке. Жүргізуші жалдап жүрдік. Кейінгі кезде түсіндік ол өзіміз отырмасақ болмайтынын. Себебі, Алматыдай алып шаһарда болмайды екен. Уақыт тығыз. Кептелістер бар. Амал жоқ мен де отырамын», дейді әнші Бота.
Ал, Мирас өз әйеліне сыйға тартқан көлікті тізгіндеп, «шопыры» болып жүр. Қазіргі көліктерінің маркасы «тойота лэнд крузер».
«Мен автокөлік «лэнд крузер» сыйладым. Құралайға оқып ал деп тартып едім, бірақ оқығысы келмеді, енді сол көлікті өзім айдап, өзім шопыры болып жүрмін»,-дейді Мирас.
Нұрлан Албан көлікке аса қызықпайды. Ең алғашқы көлігінің де соңғы көлігінің де маркасы «Нива». Тек соңғысы отандық әрі су жаңасы.
«Мен көлікке аса бір азартпен қарамаймын. Ауыстырып дегендей. Көлігім бұзылмай аман есен жеткізсе. Мінезін көрсетпей тұрса болды. Ең алғашқы көлігім сап сары нива болатын, екінші көлігім шоха болды. Сөйтіп сөйтіп ел қатарына қосылдық. Қазір су жаңа Нива. 2014жылы Қазақстанда шығарылған сол көлікпен жүрмін»,- дейді Нұрлан Албан.
Енді «Диета кз тобының мүшесі Жасұлан мырза бір жерге барар болса, айналамдағыларға жалынамын дейді. Өйткені, өзінің көлігі де, рөлге отыруға құлқы жоқ.
«Хонда, хундай, митсубиси, қазір тойота. Өзім көлік айдамаймын. Көбінде інім жүргізеді. Немесе келіншегім айдайды. Соларға өтініш жасаймын мені ана жаққа тастап кетіңдерші деп»,-дейді Жасұлан.
Әлішер Кәрімов болса, «ВМВ» маркалы көлік тізгіндеуде. 25-наурыз есеп беру концертінен соң оны да тағы ауыстыруды көздеп жүр екен.
«Көп көліктерім болды. Құдай қаласа, концертімнен кейін ауыстырамын деп ойлаймын»,-дейді әнші.