Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожамен бұраңдап билеген Тұрсынбектің әйелі тағы да желіні шулатты

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың биі тағы да желіні жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күні кеше отандық эстрада жұлдыздар әнші Ғазизхан Шекербековтың қуанышында бас қосты. Ғазизхан Шекербеков ұлы Димаштың сүндет тойын дүркіретіп атап өтті. Тойда әншінің өнердегі әріптестері Мейрамбек Бесбаев, Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Жазира Байырбекова, Қайрат Нұртас, Дана Кентай, Әбдіжаппар Әлқожа, продюсерлерден – Гүлзира Айдарбекова, Мөлдір Мұқанова бой көрсетті. Мөлдір Мұқанова тойдың алғашқы қонағы болды. “Бірінші болып келген қонағыңа сыйлығыңды дайындай бер”, – деп жазды ол парақшасында Ғазизхан Шекербековті белгілеп. Отандық шоу-бизнес өкілдері қуаныш иелеріне ақжарма тілектерін арнады.

Сүндет той Димаш Ғазизханұлының биімен басталды. Кейін танымал хитмен Қайрат Нұртас ән айтса, Мөлдір Мұқанова мен Әбдіжаппар Әлқожа ерекше биімен көзге түсті. Бұған дейін шоумен, әзлкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың биі желіні шулатып, продюсер сынның астында қалған болатын.

Талқылау