Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа өзін "халтурщик" деп сынағандарға жауап берді

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа тойға шығып, өнер көрсетіп жүргенінің арқасында жағдайын жасап алғанын мойындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/abdizhappar_alkozha

“Той әншісі, халтурщик” дейді. Маған онысы ұнайды. Керісінше, тойға шықпайтын әншілерді аяймын. Топта ән айтып жүрген кейбір әншілердің 150 мың теңге айлық алатынын естідім. Әнші болсаң елдің ортасында жүр, бес жүз адамға қызмет жаса. Шетелде оқып, соған еліктейтін, бірақ тойға шығуға арланатын жігіттер бар. Мен арланбаймын, тойдың арқасында үйлі болып, барлық жағдайымды жасап отырмын. Басқалар айтса айта берсін”, – дейді әнші.

Бүгінде өнер жұлдыздары тойға, концертке шақырту алар болса жеке райдері арқылы өз талаптарын қояды. Әбдіжаппар райдер туралы сұраққа: “Біз қазақша райдермен жүреміз. Бастысы барған жерде ет асып, бізді күтіп алса, тойға немесе концертке келіскен ақшамызды берсе және бір жақсы көлік берсе болғаны. Кейде бізді шақыртқан адамдар тек жанды дауыста ән айтуымызды сұрайды. Сонда қажетті, жақсы аппаратураны орнатып беруін талап етеміз”, – деп жауап берді.

Талқылау