Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Алматы облысында 8 баламен далада қалғалы отырған отбасына көмектесті. Ол бүгін қиын жағдайда отырған азаматтарға азық-түлік жеткізді.
Әнші өзінің әріптестерін және қалталы азаматтарды көмек көрсетуге үндеуде. Мақсаты, ауыр жағдайда отырған отбасына жер алып беру. Әншімен бірге Алматы облысына Stan.kz сайтының тілшісі де барып қайтқан еді.
“Мен қалталы, мүмкіндігі бар азаматтарды шақырып көмек қолын созуға үндегім келеді. Бүгін есепшот ашамыз. Әр қазақ бір теңгеден салғанның өзінде қаншама ақша жиналады деп ойлаймын. 8 балалы отбасы қазір қиын жағдайда отыр. Олар далада қалмау үшін, кімде қанша қаржы беруге мүмкіндік бар, сонша ақша бөлсе екен. Мысалы өзім 500 мың теңге бере аламын. Әр адам шамасының келгенінше бөлсе, 8 бала далада қалмас еді”,-дейді әнші.
Stan.kz сайтында жарияланған материалдан кейін әнші 10 адамнан тұратын отбасының қазіргі жағдайын көру үшін, Алматы облысына барды.
Сегіз баланың анасы өз кезегінде көмек қолын созған інісіне алғысын жаудырды.
Наметқұловтар отбасы қазір Алматы олысына қарасты Бірлік ауылында тұрады. Оларға жаны ашыған азамат үйінде уақытша тегін тұруға рұқсат берген еді. Отағасы сегіз баласын күнделікті қара жұмыс істеп бағып жүрген. Оның күнделікті табатын 2000 теңгесі қыстың кезінде нан мен отыннан артылмайтын. Қайырымдылық жасап отырған үй иесі, оларды көктемге дейін паналатуға мүмкіндігі барын айтқан.
Сондықтан да әнші Әбдіжаппар бастаған белсенділер ертерек ақша жинап, Наметқұловтарға тым болмаса жер алып беруге күш салып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Талдықорғанда ер адамдар аналарының аяғын жуып құрметтеудің үлгісін көрсетті (фото)
Франциядан келген қыз банк қызметкерінен қазақша сөйлеуді өтініп жұртты таңғалдырды
Өскемен тұрғыны қоқыс контейнерінен адамның бас сүйегін тауып алды
Мырзатай Жолдасбеков: Телеарналар жыларман, қайғылы түрік фильмдерімен жалықтырды