Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа досының беташар тойында бір бума ақша тастады (видео)

Талантты әнші Әбдіжаппар Әлқожа достарының тойында қонақ болды. Әнші беташарға бір бума ақша тастады. Бұл сәт көпшіліктің көңілін көтерді. 

Әнші беташар тойдан үзіндіні желідегі парақшасында жариялады. Той Қарасаз ауылында өткен. 

"Достың тойында. Бақытты бол, досым. Достар көтереді", - деп жазды Әбдіжаппар желіде. 

Видеодан байқағанымыздай, жігіттер Әбдіжаппардың аяғын жерге тигізбей көтеріп келеді. Әнші беташарға бір бума ақша салды. Той иелері мен қонақтардың жастардың бұл әрекетін көріп, күлкіге қарық болды.

Әншінің өнердегі достары мен желідегі оқырмандары пікір білдіріп жатыр. 

"Жындылар! Құттықтаймыз!", - деп жазды Роза Әлқожа.

Серік Ибрагимов лүпіл басып, күлкіге қарық болды.

"Достар ғой негізгі тойды көтеріп тастайтын көңілді етіп", "Шын досың көп болсың, бауырым", "Күшті, Әбдіжаппар аға, бәрі жарасады", "Рас, тойды достары көтермесе қызық болмайды, жастың тойында жастар ғой қыздыратын", "Әй, қуғынбай інім-ай, не істесе де жарасады", - деп жазды олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр