Әбдіжаппар Әлқожа бағасы 1 миллион теңге тұратын құс асырап отыр (фото, видео)
Қазақ эстрадасының сері жігіттерінің бірі Әбдіжаппар Әлқожа құстарды ерекше жақсы көреді екен. Қазірдің өзінде оның үйінен ашқан кішкентай зообағында 40 шақты асыл тұқымды құс бар. Әншіге шабыт сыйлайтын шаршағанда сергіп қалатын ерекше демалыс орнында Stan.kz сайтының тілшісі де болып қайтқан еді.
Әбдіжаппар бұл құстарды түрлі елдерден жинаған. АҚШ, Европа, Қытай, Өзбексан елдеріне жасаған сапарларында шамасының келгенінше ерекше бір құс алып келуді әдетке айналдырыпты. Олардың бағалары да әр түрлі. Ең қымбаты 1 миллион теңге болса, ең арзаны 30 мың теңге тұрады екен. Ал олардың жеміне айына 50 мың теңге жұмсалады екен.
Әнші құстардың суыққа шыдамайтынын ескеріп, қыстық жылы жайды да арнайы салдырыпты.
«Алмазный, Себебряный, Королевский және Ушастый сол сияқты олардың түрлері көп. Біздің аязға бұл құстардың арасында төзбейтіндері де бар.
Сондықтан қыста тұратын ұяларын арнайы суық жібермейтін заттармен қымтап жауып қоямын. Менің бұларды асырауымның бар себебі, қызығушылық. Басқа елде жақсы құс бар екен десе қаражатымды аямаймын. Тойдан тапқанымның бір бөлігін осыларға жұмсаймын. Гастрөлдік сапарда жүргенімде туыстарым қарайды. Бірақ, қатты алаңдайтыным бар. Құс деген өте нәзік жаратылыс»,-дейді әнші.
Әбдіжаппар Әлқожа болашақта құстары жайлы ән жаздырып, олардың қатысуымен клип түсіруді де жоспарлап қойған.