Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа 10 жасында ән айтқан сәтін көрсетіп, елді күлдірді

Әбдіжаппар Әлқожа өнерге жастай келгенін айтады. Ол мектеп қабырғасында жүргенде ән айтып, түрлі іс-шараларға қатысқан. Әнші сондай кештердің бірінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлқожа 10 жасында Шәмші Қалдаяқовтың "Отырардағы той" әнін орындаған сәтін Instagram-да жариялады. Ритмнен қалып, сөзін ұмытқан Әбдіжаппар соған қарамастан, әнші болғанын айтып, жұртты күлдірді.

"Ештеңеге қарамай, әнші боламын дейтін баланың түрі ғой мынау. Рахатын-ай деймін да! Қалып қою, сөзін ұмыту тоқтата алмайды ғой мені.
2002 жыл, Амангелді ауылы. Әлия Молдағұлова атындағы N52 орта мектеп", –  деп жазды Әлқожа.

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 12 Мамыр, 2022 11:00
Талқылау