Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіғаппаров ісі: Миллион доллар жымқырды деп айыпталған кәсіпкерге қатысты үкімді сот өзгеріссіз қалдырды

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы белгілі кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың "AV-Construction" құрылыс компаниясының 420 миллион теңгесін жымқырды деген айыбына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылдың наурыз айының ортасында сол кезде "AV-Construction" компаниясы директорының орынбасары болған сотталушы "Esentai City" элиталық тұрғын үй кешеніндегі үй сатып алушыдан 2 миллион доллар алған. Іс материалдарына сәйкес, Әбдіғаппаров осы соманың жартысын ғана кәсіпорынға аударған.

5 шілдеде Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты кәсіпкерді аса ірі көлемде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп тапты. Әбдіғаппаровқа сот жеті жылға жалпы режимдегі колонияда мерзімін өтеуге үкім шығарды. 

Сондай-ақ бес жыл мерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды . Сотталушы қаражатты компанияға қайтаруға міндеттелді, сонымен қатар, сот шешімімен тағы бір коммерциялық фирманың мүлкіне тыйым салу қарастырылған.

Сотталушы тарап пен мүлкіне тыйым салған тарап та үкімге шағым түсірді. Нәтижесінде апелляциялық сатыдағы сот мүлiкке тыйым салудың күшiн жойып, үкiмдi өзгеріссіз қалдырды. Судья сотталушының кінәсі басқа да құжаттардан бөлек, хат алмасу түріндегі айғақтармен дәлелденгенін атап өтті.  

Талқылау